Әжуа: 2
Әжуа: 2

 

 «Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан» (Мақал)

Қасқыр қойға шапқанда,

Қызыл тілі салақтап,

Кете барса бірер қойды тамақтап.

Ал қазекең ет жегенде табақтап,

Тәбет атты жылан құрты жалақтап,

Ерінін сан жалатпақ

Сондай сәтте

Қасқырдың аузын қандайды.

Қойды қойып,

Сиыр мен жылқының

Кіл семізін таңдайды.

-Қасқыр, ойбай, қырып кетті, жеп кетті!

Ауыз жаппай зарлайды.

Жаман атақ желім тектес жабысса,

Қыр соңыңнан қалмайды...

Артын жабар қасқыры бар,

Қазақ неткен маңдайлы.

                 

  ***

«Ұлық болсаң, кішік бол»  (Мақал)

Демейсің  бе  одан дағы күшік бол!

Төбет біткен талассын,

Осы мақал айтылғанда,

Ұлықтардың еңсесін езер наласын.

Іштей ұғып, тобамды еске түсірдім.

-Ойбай, төбет, осы сөзден ұшындың,-

Деп тұрғанын

Көзқарасынан түсіндім.

Мақал, мақал...

Ал ұлықтар өзімен

Жалпақ жұртты

Құл құтан деп сезінген.

Астамшылық дей алмадым көз ілген.

Жұрттың жайын және ұқпас,

Алғашқыға дүр-дүр етіп,

Пара алғанда дір- дір етіп,

Айтып тұрған секілденіп жаңылтпаш.

Не айтып, не қойғанын

Өзінен өзге жан ұқпас.

Есте қалмай өте шығар дәурені

Оттап –шатып әрнені.

                 

****

- «Үйреніскен жау атыспаққа жақсы» (Мақал)

-Үйреніскен жауың – сенің

Кемпірің.

Ит терісін қаптадың сан басына

Әке - баба зәузатынан түк қоймай,

Бас салатын шашына.

Күндер өтті,

Жылдар алға жылжыды.

Құдай алмай көз ашылмас құрғырды

Оңашада сені қарғап,

Сығып алар көз жасын

Сол кемпірің би боп алды бұл күні.

Кемпіріңнің оқтауы бар,

Қалағы  бар, көсеуі

Екіленіп есіргенде,

Тағдырыңды соның бірі шешеді.

Содан ба екен кәдімгідей қайпақтап

Жылы дейсің,

Жұмсақ дейсің кемпірімнің төсегі.

Естігендер «көлгірлігі» деседі

Көрші кемпір: «Келіп қапты,

Қайтармадым меселін»,-

Деп қайыстап аузын неге бөседі?

-Сенің жауың жалғыз емес, зайыры.

Соңғысының

Аш бүйіріңнен қадала қалса айыры

Кемпіріңнің түкке арғымас көсеуі.

                               

***

«Ойнас оттан ыстық»  (Мақал).

Ойнас деген ыстығың  не өрт дер ем,

«Ыстық» деген курсынан өтпеген.

Бос өкпенің бірі де.

Ойнас өртке шалынғандар

Бар -жоғынан айрылып,

Қанаттары қайрылып,

Жер жастанды қаншасы.

Ал ойнастың

Тамыры терең аршасы.

Жылдан - жылға жасарады жаңғырып,  

Жалғастырар талай түнді күнменен

Сезгендерді таң қылып.

 

Сүлеймен Баязитов

 

Әжуа
MuxitMuxit
8 ай бұрын 541
0 пікір
Блог туралы
0
0 0 0 0 0