Ғасырлардан Ғасырларға,
Бірге жасап, асып алға.
Сарқылмаған, тартылмаған,
Ұлы мұра асыл арна.
Кітап, сенде ақын жыры,
Ойшылдардың асыл сыры.
Кітап, сенде қаттаулы тұр,
Адамзаттың шаттық мұңы.
Сондықтанда –сен асылсың,
Ақылшым, -сен жанашырым.
Мәңгі жаса, кітап мұра,
Шерткен сырын сан ғасырдың.
Сені оқыдым толқып, жаным,
Сезім сергіп таңырқадым.
Біліміңмен шөлін басқын,
Алда келер сан ұрпақтың.
Сүлеймен Баязитов