Әжуа:
Әжуа:

 

Ұрыны қонаққа шақырсаң

Қораңа көз салып отырады. (Мақал)

Ұры, шіркін, көз салумен тынар ма,

Ұрлық деген кәсіп пе әлде құмар ма?

Кім біліпті жетер ме оған миымыз,

Ұры түсіп қорамызға, төмендеді күйіміз.

Ақыры, оны тұтқындаған

Полицейлер қырағы.

Деген еді бар артында «бірағы»

Сол бірағы

Әлгі неме боп шықты,

Бір дөкейдің өлгенде көрген шырағы.

Сол  келді де:

-Босатыңдар мынаны!

Ал мынаны...

Иегімен мені нұсқап тұр еді.

Бейшараңның қылп етті жүрегі,

Талып қалды табанда.

Ес жиғанда полицейлер

-Қайқай,- деді.

Кәуек басың аманда

Алғыс айтқын өлтіртпеген адамға...

Риза едім

Мына жарқын заманға.

 

«Өзін - өзі мақтаған өліммен тең» (Мақал)

Өзін- өзі мақтағандар-

Тірілердің тірісі,

Ірілердің ірісі.

Өзгелерден өзгешелеу

Тұрысы мен жүрісі.

Әттең, әттең,

Маңдымайды бір ісі.

- Өлгені ме

Мұнысы?

-Шаға бермей миымды,

Маңымнан әрман құрышы.

 

 Сүлеймен Баязитов

MuxitMuxit
7 лет назад 2522
0 комментариев
О блоге
0
0 0 0 0 0