Қазақ пен арақ
Қазақ пен арақ

  (Сықақ)

 

Қазақ пен арақтың ара- жігі

Қашан біріккенін,

Аз-мазырақ жілік тегін.

Қашан болғанда...

Қазекең

Ертеден арақ -шараптың дәмін біліп жүрген,

Қара таяқтар,

Ішіп алып ыржақтап күліп жүрген.

Бірақ араққа бой бере қоймаған,

Ақыры,

ХX ғасырдың екінші жартысында

Аракең

Қазақты мықтап сүріндірген.

Шал -кемпірі,

Ұлы- қызы, жұрағаты

Күн демей түн демей,

Суша сімірген.

Ішпесе тұра алмайтын күйге жетті.

Сөйтіп арақ қазақты

Күйзелтті, күңірентті,

Талай жайсаң келмеске бұрды бетті.

Өртеніп өлгені, ығып өлгені,

Өзіне-өзі пышақ сұғып өлгені.

Асылғаны,

Аварияда күлі шашылғаны.

Өзгесін бұлай қойып,

Уға бас ұрғаны,

Сандаған мыңға жеткен болар.

Мұны бір деңіз,

Орыспен қосылып іргеміз,

Тыңды игеруге білек түргенбіз.

Оған дейін аз ішкенбіз,

Қоныстас болған соң бәсекеге түскенбіз.

Олар етігін жуса,

Біз де жуғанбыз.

Тауығы жұмыртқалап,

Сиыр туса,

Қуанышын бөліскенбіз.

Талай, талай

«Русская водканы» бөле ішкенбіз.

Келе-келе олар біздің маңымызға

-Маңыңыз не?

-Қара шаңымызға

Ілеспей қалған.

Өйткені малдан

Бізде бие бар,

Ол құлындамай ма?

Қазекең  құлынды ырымдамай ма?

Содан құлынды жумай ма?

Қой- қозы, ешкі-лақты

Ауызға алу артық мұндайда.

Сонан соң Құдай бере салған,

Күттірген үміт алдан.

Су мұрындар да жетерлік

Жылда бір-бір құрсақ көтеріп,

Оған тәуба етелік,

Жататын жеңгелер,

Келіндер аз ба?

Бірі қыста, бірі жазда

Шақалақты жуу,

Жыл бойы үзіліп көрді ме?

Қысқасы, Құдай қазаққа берді де

Тұрды,

Берді де  тұрды.

Бір жағынан Құдай беріп жатса,

Екінші жағынан шайтан ұрып,

Жіберді емес пе мәңгі қылып.

Содан айтып- айтпай не керек?

Ит болып үріп,

Шошқадай қорсылдадық.

Бүркітше бүріп,

Бірімізді –біріміз өлтірдік ұрып.

Ең соңғы бір дерек,

Енді

Апталап, айлап жатып

Ішуді шығардық

Көйлек- көншегімізді сатып.

Тию көрмей ұл өсті,

Тәрбие көрмей қыз өсті.

Әйелімізді соңымыздан ерттік,

Мас болған әйелін арқалап

Жүргенін еркектің

Көрмедім ар санап.

Жә, осы да жетер енді,

Қазағым, еңсеңді көтер енді!

«Бір жұмақтың, бір тозағы бар» деген,

Ұят-намыс,

Қалғымаса ар деген,

Қайта орал қазақы қалпыңа!

Бабадан мирас салтыңды

Аштыра берме араққа!

Ана бір таса жеріңді

Көрсетпейтін жалпыға.

 

Сүлеймен Баязитов

 

MuxitMuxit
7 лет назад 3346
0 комментариев
О блоге
0
0 0 0 0 0