Өре! Бұл - архаизмге (көнерген) айналып бара жатқан сөз бе деп қалам. Өренің лексикалық бір мағынасы – құрт-ірімшік жаятын зат та, екіншісі адамның ақыл-ой деңгейі, яғни адамды адам ететін ингредиент. Деңгей, өре дегеннің мағынасы кең, жауабы көп. Өре – дүниетаным, пайым-парасатың, жаңағы айтқан ақыл-ойың. Осы өрені көтеріп отырмаса, адам шіркіннің төмендей берері хақ. Өрені көтеретін, әлбетте, кітап, өнердің сан алуан түрі (театр, көркемөнер, музыка, қолөнері, т.с.с), кәсіби ісің, ақпараттың алуан түрі, т.б. Осы ретте қазіргі замандастардың өресі қай деңгейде, жалпы өремізді көтеруге...