Оятқан мені ерте шығыс жыры... Жалынайық Абайға
Сандаған жылдар бойы кеңестік кезеңнің шілтерлі шымылдығы өскелең ұрпақтың көзінен таса, санасынан аулақ ұстауға тырысқан. Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі әдебиет әлеміне қайта оралуы, оның шығармашылығы мен әуелден - ақ азды - көпті таныс аға буын өкілдерін ақыр соңында әділеттің салтанат құрғанына тәуба дегізсе, жаңа талап жас өскіндердің санасын дүр сілкіндіріп, таным көкжиегін кеңейте түскен, солай болу да заңдылық еді. Осы тұрғыда философия ғылымдарының кандидаты Асан Омаров: «Бүкіл алаш жұрты Шәкәрімді рухани ұстаз, екінші Абай деп құрмет тұтқан»,- дейді. Сол құрметке арада өткен...