Жанайқай!!! «Шанин» атын ауылдың жөн сақтаған
Ұстазым Қабдолла Кәлиұлы Смағұловқа Кешегі Абылайдың заманында Батқан сәт су болды ма дала мұңға. Сарыарқа жатты талай қанға бөгіп, Қазақ қыры жаулардың табанында. Білесіз езілгенін, жаншылғанын Ұмытып дала иесі Алаш барын. «Қынадай бірін қоймай қырыңдар!»- деп Тепсініп тексіз жоңғар төкті зәрін. Сәтінде Абылай Бұқарды шақырғанын Кеңесін ұйып тыңдап данышпанның. Сан рет тас-талқан қып жауын жеңіп, Жаңғақтай кей тұстарда шағылғанын. Қазақтың күш қуатын танытқанын, Жоңғарды айласымен сан ұтқанын. «Абылай» деп төбесіне көтерсе де ел, Ардақ тұтқан Бұқардай данышпанын. Ал Бұқар: «Әй, Абылай»,-...