Ұлыс күні қарсаңында елдің салты мен дәстүріне тән игі істерді жүзеге асыру о бастағы әдетіміз еді. Оқып, білуімізше бұл кезең, яғни, күн мен түн теңеліп, тіршілік атаулы түрлене бастаған қасиетті шақ - бұлақ көзін ашу, көше, ауланы, үйді тазалау, тал егу, араздасқан адамдардың татуласуы, жетім мен жесірге қолұшын беру сынды елдік игіліктерден, ақ тілектерден бастау алуы тиіс еді. Ал, қазір басқаша. Наурыз десе, киіз үй құрып, көже ішіп, бауырсақ жейтін, сосын, балабақшадан бастап, әр сынып, әр мектеп, ауыл, аудан, қалаларда жаппай баланы бесікке салу, тұсау кесу, келіннің беташарын жасау...